Соған орай еліміздің түкпір-түкпірінде балғындарға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.
Қазақстанда балалардың құқықтары мен мүддесін қорғайтын бірнеше қоғамдық және қайырымдылық қор бар. Соның бірі – «Асыл бала» қауымдастығы.
Қауымдастық өкілдері бүгінгі мереке күні Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, жоспарларымен бөлісті. Мамандар алдағы уақытта балғындардың мүддесін қорғаудың жаңа бағдарламасын әзірлемек.
Жалпы Қазақстанда 5 миллионнан аса бала бар. Оның 37 мыңға жуығы жетімдер үйінде тәрбиеленуде. 138,5 мың баланың мүмкіндігі шектеулі.
«Асыл бала» қауымдастығының ең үлкен жобасы ол - аналар үйі. Онда сәбиінен бас тартқысы келген жас аналарға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.