Балалардың мерекесі аясында қауымдастық өкілдері бас қосып, алда атқаратын жоспарларын талқылады.
Елімізде балалардың мүддесін қорғау үшін құрылған бірнеше жоба бар. «Аналар үйі» осыдан екі жыл бұрын ашылған. Қазір барлық аймақта филиалдары бар.
Мүмкіндігі шектеулі өнерлі балалардың басын қосатын «Жұлдызай» байқауының салмағы да жыл сайын артуда.
Жақында осындай бірнеше қайырымдылық жобаларды «Асыл бала» қауымдастығы өз қанатының астына алған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ