Мұны халық әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Жалпы Шиелі ұлтымыз ұлағат тұтатын көптеген азаматтың кіндік қаны тамған жері, ер жетіп-есейген мекені.
«Жалпақ жұртыңды құрметтеу туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады». Шиеліліктер алты Алаштың ардақтысы- Мұстафа Шоқай, «Дала академигі»- Ыбырай Жақаев, ақын Әбділда Тәжібаев сынды азаматтармен мақтанады, марқаяды. Бұл-есімі елге белгілі азаматтардың ерен еңбегін жастар үлгі етеді, ал аға буын замандастары туралы тұщымды әңгімені кейінгілерге өнеге қылады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ