Бишілер тобы арнайы жүлдені иеленсе, есту қабілеті дамымамған жас әншілер бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Олар әйгілі кинорежиссер Леонид Гайдайдың фильмдеріндегі әндерден попурри орындаған.
Жарысқа Қарағанды облысы атынан 3 мектеп-интернатынан 25 мүмкіндігі шектеулі бала қатысқан. Өнерлі өрендерді жерлестері құшақ жая қарсы алды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ