«Оны іске асыру үшін «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны ашылды. Оған 19 жылға 223 миллион доллар шамасында бюджеттік несие бөлінген. Келісім талабы бойынша Ресей тарапы 2008 жылы «Ангара» зымыранын Плесецк ғарыш айлағында сынауы тиіс. Бұл сынақтар толығымен былтыр ғана өтті және сәтті аяқталды. Соған байланысты жобаны жүзеге асыру созылып кетті. Жоба құны да шарықтап, 1 миллиард 680 миллион долларға жеткен. Кешен әлі құрылған жоқ, несие қайтару мерзімі келіп қалды», - деді Мұсабаев.
Ратификацияланған келісімде жеңілдетілген несие шарттары өзгертілді, енді оның төлем мерзімі 2019 жылға дейін шегерілді.
Индира БЕГАЙДАР