Гана астанасы Аккрадағы жанар-жағармай құю бекетінде болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 150-ге жетті.
Қайғылы оқиғаға орай елде үш күн қаралы деп жарияланған. Әзірге, станциядағы өрттің неден тұтанғаны белгісіз. «Тілсіз жау» көршілес ғимараттарды да шарпыған.
Тұрғындар күшті нөсер мен су тасқынынан қорғану үшін осы бекетте жасырынған.
Алдын ала деректер бойынша, оқиғаның лаңкестікпен еш қатысы жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ