Толағай тұлғаның есімі 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қостанайдағы ішкі істер академиясына берілген еді. Сондықтан оның ескерткіші де осы оқу орнына қойылды.
Сонымен қатар, академия ұжымына Шырақбек Қабылбаев есімі жазылған ту тапсырылды. Оқу орнын биыл 131 курсант тәмәмдады. Оларға дипломдары салтанатты шара барысында табыс етілді. Бұл жерден ұшқан түлектер 100 пайыз жұмыспен қамтылады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК