Қарағанды маңындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жастар арасында өтіп жатқан алғашқы республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны аяқталуға жақын.
Бүгін жарысқа қатысушылардың ұрыс даласындағы іс-қимыл дайындықтары сыналды.
Мәселен, қатысушылар айналасы 15 минуттың ішінде бір адамдай окоптарды жылдам, әрі тиянақты етіп қазып шығуы керек.
Тапсырма әскери оқу орындарының курсанттарына да, оқушыларға да бірдей. 800-ден астам ұлан бірнеше күн бойы күш-қайратын шыңдауда.
Ал, ертең - жиынның соңғы күні. Шараның салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі қатысады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ