Бүгін Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Басқосуға Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов төрағалық етті.
Оның айтуынша, адамзат XXI ғасырға аяқ басып, ғылым мен білім дамып жатса да, әлемде адам саудасы тыйылмай тұр. Тіпті, заңбұзушылар заман ағымына дағдыланып, түрлі қулықтарға баратын болған.
Мәселен, «шетелге оқытамыз», деп алып кеткен кейбір азаматар барған жерінде саудаға түскен. Одан қала берді, заңсыз жұмысқа жегілген.
«Ел тыныштығын сақтау үшін сырттан келетін қауіп-қатерлерге дайын болу керек», дейді жиынға қатысқан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ