«Отбасы - махаббат пен түсіністіктен басталады. Әулетің мықты болсын десең, жарыңды да, балаңды да терезесі тең адамдай қабылда»,- дейді теріскейлік Владислав Демьянов.
Зағип жан ата-анасы мен жарының демеуінің арқасында толыққанды өмір сүруде.
«Ер-азамат болғаннан кейін отбасыңды асырау, оны сақтау, жарың мен балаларыңа таршылық көрсетпеу - парыз. Мүгедекпін деп ешкімге телмірген жоқпын. Көзім көрмесе де, аяқ-қолым сау. Неге біреуге алақан жаю керекпін?! Мені қолдап, жаңа жетістіктерге ынталандырған - отбасым», дейді ол.
Жуырда ғана облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарған Владислав пен Анжеликаның жанұясы қазір республикалық сынға дайындық үстінде.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ