Қытайда істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға өмір бойы бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға өмір бойы бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарылды

15.06.2015
Қытайда істі болған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға өмір бойы бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарылды

Ақжарқын Тұрлыбай өткен жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында тұтқындалған. Содан бері, 20 жасар жерлесіміз есірткі тасымалдады деген күдікпен абақтыда ұсталып келді.

1 жылдан аса зерттелген сот процесінің ақырғы шешімі 10 күннен кейін күшіне енбек. 

Оған дейін отандасымыздың жақындары жоғарғы сот органдарына шағымдана алады. Ақжарқынның бостандығы шектелген жағдайда оны елімізге депортациялау туралы келісім жасалуы мүмкін. 

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу