Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері Қарағанды облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері Қарағанды облысына барды

16.06.2015
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері Қарағанды облысына барды

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Қонақтар алдымен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесіп, өңірдегі әйелдердің саяси және экономикалық салаға қатысуы және Мемлекет басшысының елді нығайту үшін белгілеген бес институционалдық реформасын жүзеге асырудағы үлесі туралы мәселелер талқыланды.

Бұдан соң қыз-келіншектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, олардың кәсіпкерлігін қолдау және әлеуметтік жобаларға тарту бағытындағы облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу