Қабанбай ауылында тұратын Жұма Ғазиз тұқымы құрып бара жатқан құмай тазыларды баптайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабанбай ауылында тұратын Жұма Ғазиз тұқымы құрып бара жатқан құмай тазыларды баптайды

16.06.2015
Қабанбай ауылында тұратын Жұма Ғазиз тұқымы құрып бара жатқан құмай тазыларды баптайды

Бүгінде құс күйттеп, ит баптайтын аңшылар азайды. Бірен-саран ғана. Соның бірі - Астананың іргесіндегі Қабанбай ауылында тұратын Жұма Ғазиз.

Қаланы далаға ауыстырған Жұма иен далада игі іс атқарып жүр. Тұқымы құрып бара жатқан құмай тазысын баптайды. Бүгінде 30 шақтысын өсірді.

Бұл иттер - таза қанды қазақ тазылары. Мұны Ұлттық аңшылық өнерді қолдап жүрген республикалық «Қансонар» қауымдастығының мөрімен бекітілген құжаттар растайды.

Жұманың айтуынша, қазір еліміз бойынша құмай тазысын табу қиын. Кеңестік саясаттың салқыны мен бертін келе аңшылардың мылтық асынуы, даладағы жұрттың қалаға көшуі олардың парқын әбден төмендетті. Алайда, бұл қасиетті тазы итіне деген ұлт жанашырларының жоқтығын білдірмейді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу