Қарағанды облысында белгісіз індеттен мал қырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында белгісіз індеттен мал қырылуда

17.06.2015
Қарағанды облысында белгісіз індеттен мал қырылуда

Тұрғындар өлген үй жануарларын ауыл сыртындағы полигонға апарып өртеп жатыр. Әзірге төрт түліктің неден ауырғаны белгісіз. Өрістен қайтқан соң аузы көпіріп, аяқтан тұра алмай қалады. Мал дәрігерлері бұл аусыл болуы мүмкін дегенді айтады.

Күні кеше Астанадан арнайы мамандар келіп өлекседен сынама алып кеткен.

Сараптама қорытындысы алдағы 2-3 күнде белгілі болады. Қазір Қаракеңгір ауылындағы ауру малдың жалпы саны 100-ден асып жығылады. Осыған орай бұл аймақта карантин жарияланды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу