Гүлшара Әбдіқалықова медицина саласының мамандарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова медицина саласының мамандарымен кездесті

17.06.2015
Гүлшара Әбдіқалықова медицина саласының мамандарымен кездесті

Соңғы жылдары жүрегінде ақауы бар балалар саны артуда. Бұрынғыдай емес, қазір оларға шақалақ кезінен-ақ операция жасалып, сәбилер ауыр дерттен жеңіл өтіп жүр.

Балғындардың жүрек ақауы әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында көп тіркелген. Осындай сырқатпен жылына 400 нәресте туатын аймақта 3 мың бала кезекте тұр. 

Мемлекеттік хатшының қатысуымен өткен жиында аталмыш саланың проблемалары талқыланып, оны шешудің жолдары да айтылды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы мыңдаған науқасқа өмір сыйлаған азаматтардың еңбегі көпке үлгі екенін айтып, оларға зор денсаулық тіледі.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу