«Жаһандық геосаяси трендтердегі Орталық Азия» атты конференцияда радикалды ағымдарға бірлесе тосқауыл болу керектігі айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаһандық геосаяси трендтердегі Орталық Азия» атты конференцияда радикалды ағымдарға бірлесе тосқауыл болу керектігі айтылды

18.06.2015
«Жаһандық геосаяси трендтердегі Орталық Азия» атты конференцияда радикалды ағымдарға бірлесе тосқауыл болу керектігі айтылды

Астанада «Жаһандық геосаяси трендтердегі Орталық Азия» атауымен халықаралық конференция өтті.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Орталық Азиядағы Фридрих Эберт қоры ұйымдастырған алқалы жиында  әлемдік саясат пен экономика мәселелері туралы айтылды.

Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия сарапшылары радикалды ағымдарға бірлесе тосқауыл болу керектігін айтты.

Ал, түйткілді мәселенің түйінін көппен шешу нақты нәтиже береді. Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Азиядағы жүргізіп отырған салиқалы саясаты және діни тұрақтылығы сөзге тиек етілді.

 

Хабарламаларға жазылу