Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңес төрағаларының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңес төрағаларының отырысы өтті

18.06.2015
Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңес төрағаларының отырысы өтті

Ішкі істер министрлігінде облыстық Ішкі істер департаменттері жанындағы Қоғамдық кеңес төрағаларының қатысуымен семинар өтті.

Жиын барысында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмалар талқыға түсті.

Президент мемлекеттік органдар жұмысындағы кемшіліктерге қарсы әрекет ету азаматтық қоғам рөлін арттыруға ықпал ететіндігіне назар аударған.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық мониторингті және нақты нәтижелерге негізделген қоғамдық тыңдауларды дамыту ұсынылды.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу