Астанада 19 тонна құс етінен «сальмонеллез» қоздырғышы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 19 тонна құс етінен «сальмонеллез» қоздырғышы анықталды

18.06.2015
Астанада 19  тонна құс етінен «сальмонеллез» қоздырғышы анықталды

Астанада 19 тонна құс етінен «сальмонеллез» қоздырғышы анықталып, қала шетіндегі полигонда өртелді. 

Астана Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің тексеруі кезінде «METRO Cash&Carry» ЖШС-нің тауарынан осындай қауіпті өнім анықталған. 

Үкіметтің «Адамның денсаулығы мен өміріне, жануарлар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін жою және утилдеу ережесі» Қаулысына сай «Сарыбұлақ» ЖШС және «Алатау құс» ЖШС тауарлары өндірістен алынып тасталды.

Хабарламаларға жазылу