Елбасы тапсырған көрсеткіштер тақтасы өңірлерде ілінді ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы тапсырған көрсеткіштер тақтасы өңірлерде ілінді ме?

19.06.2015
Елбасы тапсырған көрсеткіштер тақтасы өңірлерде ілінді ме?

Өткен жылдың соңындағы жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың кіре берісіне президент портреттерін емес, жұмыспен қамтылғандар санын ілу керек деп ескертпе айтып, талап қойған. Бұдан кейін тура жарты жыл өтті.

Ақтөбе облысында тапсырма орындалмаған. Өңірде жұмыс алған адамдар саны көрсетілген бірде-бір баннер жоқ. Есесіне облыс орталығы жарнама бильбордтарына толы. Жұмыспен қамтылғандар санын кейінірек ілеміз деп уәде етті облыс басшылығы.

Көкшетауға Шортанды мен Омбы бағытында кіретін жолдарда жұмыс алған адамдар саны бар. Бірақ ақпараттың қай мерзімге тиесілі екені белгісіз. Өңірден бұл екі баннердан басқасын таппадық.

Ал, Атыраудың ортасында жолақ болып шығып, кейін жоғалып отыратын электронды жарнама тақтасы бар. Қанша жұмыссыз екі қолға күрек тапқаны осы жерде жазылған.

Шымкентке әр жылы жаңадан жұмыс тапқандар саны, қай салада бос орындар көп, қай кәсіпке барғысы келетіндер қатары көрсетілген. Ақпарат жан-жақты. Тапсырмадан кейін өңірде 1 мыңнан аса баннер пайда болған.

Хабарламаларға жазылу