Үлеске берілген 8 жүздік жерге әркім шама шарқы келгенінше баспана тұрғызуда. Алайда, әлі күнге мұндағы жұрт ауызсуды өзге жақтан тасып ішеді. Күзден көктемге дейін көшелер батпақ, жаз болса май топырақ кешеді. Көгілдір отын жоқ.
«Құрсайда» 100 қаралы түтін осындай күй кешіп отыр. Тұрғызған үйлерінің құжаты да жоқ. Оны рәсімдейін десе, құзырлы орындар жер ауыл шарушалығы мақсатында пайдалану үшін берілген деп жолатпайды.
Ешкімнен қайыр болмаған соң тұрғындар электр жүйесін өздері тартып алған. Қуатты реттейтін трансформатор да жекенің меншігінде. Ал, қиқы жиқы ағаш бағаналарға ілінген желілер болса жер бауырлап, адам өміріне қауіп төндіріп тұр.
Бұл мәселеге облыс басшысынан бастап, қала әкіміне дейін бәрі қанық. Бірақ әлі күнге бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Жер бөліміндегілер архитектураға, жергілікті әкімдік жоғарыға сілтейді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ