Сәтбаев қаласының Жол-патрульдік полиция қызметкері Марат Әлішевтің өліміне қатысты күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаев қаласының Жол-патрульдік полиция қызметкері Марат Әлішевтің өліміне қатысты күдікті ұсталды

23.06.2015
Сәтбаев қаласының Жол-патрульдік полиция қызметкері Марат Әлішевтің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерінің өліміне қатысы бар деген күдіктінің тұлғасы анықталып, ұсталды.

Ол - осы қаланың 30 жастағы тұрғыны. Күдікті екеуара келіспеушіліктің салдарынан Марат Әлішевті өз пәтерінде өлтіргені туралы мойындау көрсетпелерін берген.

Естеріңізге сала кетейік, 46 жастағы марқұм Марат Әлішев осыдан бір ай бұрын қызметтен тыс уақытта өз пәтерінде  кісі қолынан қаза тапқан еді. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

 

 

                                  

Хабарламаларға жазылу