Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі экстремизм мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі экстремизм мәселесі талқыланды

29.06.2015
Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі экстремизм мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, терроризмге қарсы күрес күн тәртібінен түспейтінін, лаңкестіктің алғашқы сатысы әлеуметтік желі арқылы түрлі ақпарат таратушы топтар екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиынға қатысушы шетелдік әріптестерін радикализмге қарсы күресте тәжірибе алмасып, ортақ жұмыс істеуге шақырды. Барлық сарапшылар, өзара ынтымақтастық орнатуға келісімін беріп, форум соңында қорытынды құжат қабылданды.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу