Халықаралық нарықта қолсағаттарымен, тоқыма, тамақ өнеркәсібімен қатар бұл мемлекет дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария капиталды шеттен тартудан әлем елдерінің алдыңғы шебінде.
Бүгінде алпауыт мемлекеттердің тең жартысы құнды қағаздарын Щвейцарияның банктерінде сақтайды. Мемлекетте химия өнеркәсібі мен дәрі-дәрмек өндіру саласы да қарқынды дамыған. Щвейцария дәрілік құралдар мен агрохимикаттар өндіру бойынша-халықаралық нарықта бірінші орында.