Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің үш есепшісі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің үш есепшісі қамауға алынды

30.06.2015
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің үш есепшісі қамауға алынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қаражат жымқырған үш есепшісі қамауға алынды. Бұл туралы бүгін университет басшылығы арнайы мәлімдеме жасады.

Алаяқтық іс-әрекеттердің бастамашысы ретінде бухгалтер Сәуле Жекенова айыпталуда.

Есепшінің 1,5 миллиард теңгені талан-таражға салғаны үшін сотталған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовке тікелей қатысы бар. 

Алаяқтық оқиға былтыр жыл соңында анықталған.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

 

Хабарламаларға жазылу