«Нұр Отан» партиясы жанынан Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы жанынан Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды

30.06.2015
«Нұр Отан» партиясы жанынан Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды

Дүниежүзілік сауда ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақпен интеграция тұсында отандық бизнестің жүгі ауырламақ.

Осыған орай «Нұр Отан» бизнеске қолдауды күшейтеді. Партия жанынан бүгін Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

«Кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оларға жан-жақты қолдауды күшейту мақсатында осындай қадамға бардық»,  дейді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Қоғамдық кеңеске Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева жетекшілік етеді.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу