Жедел жәрдем көмегіне жүгінген жігітті «фоликулярлық ангина» деген диагнозбен аудандық ауруханаға жеткізген.
Араға үш күн салып дерті дендей бастаған Мұхтар Олжатаев жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті ем дом шаралары жүргізілген. Алайда, дәрігерлер қаншалықты күш салғанымен өлімнен құтқарып қала алмады.
Облыс бойынша соңғы мамыр-маусым айларында 4 адамды кене шағу оқиғасы тіркелген. «Қазір үшеуінің денсаулығы жіті тексерілді, өмірлеріне еш қауір төніп тұрған жоқ» - дейді дәрігерлер.
Жалпы Жамбыл облысы конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошағы саналады. Әсіресе облыс орталығына жақын маңдағы Жамбыл ауданында кенедегі жұқпалы вирустың белсенділігі байқалуда. Бұған дейін бұл өңір табиғи ошақ саналатын аудандар тізімінде болмаған.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ