Көрменің мақсаты - Ядролық қарудан бас тарту және Жібек жолы торабында орналасқан елдердің мәдени-экономикалық достығын нығайту. Экспозицияға 25 мемлекеттен 40-қа жуық суретші қатысты.
Елордаға ат басын тіреген әрбір елдің суретшісі өз жұртының тарихынан, мәдениетінен сыр шертетін туындыларын қала жұртшылығының назарына ұсынды.
Нұрлан АСҚАР