Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтау мақсатымен Алматы облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтау мақсатымен Алматы облысына барды

01.07.2015
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын пысықтау мақсатымен Алматы облысына барды

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында өткен өңіраралық семинар жұмысына қатысты. Акция Елбасының тікелей тапсырмасы. Бұл еңбегі жемісті кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақыратын жоба.

Алматы облысында игі бастамаға 150-ге тарта азамат қатысып, 3 миллиард теңге көлемінде қайырымдылық жасады. Олар мектеп салып, балабақша ашып, мәдени және спорт нысандарын халыққа ұсынды.

Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейін біліп, білім беру саласына шолу жасады. Әлеуметтік сала өкілдерімен кездесу барысында облыстың осал тұсы балабақшалардың аздығы деп атап өтті.

Вице-Премьер «Балапан» бағдарламасының нақты орындалып жатқанын көру үшін қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде болды. 100 бүлдіршінге арналған бөбекжайда 4 тіл үйретіліп, түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Бердібек Сапарбаев Текелі моноқаласында бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, шаһардың даму келешегімен танысты. Тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу