Борис Жапаров: Президенттік институттың енгізілуі жас мемлекеттің саяси табысқа жетудегі шешуші қадамы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Борис Жапаров: Президенттік институттың енгізілуі жас мемлекеттің саяси табысқа жетудегі шешуші қадамы болды

03.07.2015
Борис Жапаров: Президенттік институттың енгізілуі  жас мемлекеттің саяси табысқа жетудегі шешуші қадамы болды

«Президенттік институттың енгізілуі жас Тәуелсіз мемлекеттің саяси табысқа жетудегі шешуші қадамы болды».

Астана күніне орай Алматыда өткен құжаттық көрмеде Президент мұрағатының директоры Борис Жапаров осылай деді.

«Президенттік институт - Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігінің бейнесі» тақырыбы аясында ұйымдастырылған шарада Қазақстан одақтық республикалар арасында ең бірінші болып Президент лауазымын енгізген ел екендігі айтылды.

Себебі, 1990 жылдың 24 сәуірінде Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сондықтан, бұрынғы Кеңестік билік институттары күйрегеннен кейін Қазақ елінде Президенттік институт жаңа мемлекеттілікті құруда басты қозғаушы күшке айналды.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу