Маңғыстау облысында жұмыссыздыққа жол бермеу мәселесін түрлі мамандықтарға қайта оқыту арқылы шешу - тиімді.
Бұл туралы осы өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты. Әсіресе, әлеуметтік саланы қолдауға баса назар аударылған.
Сапарын Жаңаөзен қаласынан бастаған вице-премьер су тазарту станциясы, 100 орындық перзентхана, балабақша сынды әлеуметтік нысандар моноқалаларды дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асқан маңызды жобалар екенін атап өтті.
Негізгі өндіріс көзі «қара алтынға» тәуелді облыс үшін мұнайшыларды жұмыстан қысқартпау, мүмкіндігінше, маман тапшы өзге салаға қайта оқыту ісі қолға алынуы қажет»,- деді Бердібек Сапарбаев.
Өйткені, мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар мен олардың сервистік компанияларының жұмысы мардымсыз.
Жазира ӘБІЛ