Алматыда Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай бұқаралық альпиниада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай бұқаралық альпиниада өтті

04.07.2015
Алматыда Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай бұқаралық альпиниада өтті

Шыңды бағындыру үшін кәсіпқой альпинистер таңғы сағат 05:00-те жолға аттанды. Абай шыңына шығатын спортшыларға шектеу қойылмады. Жасты да жасамысты да жартасқа өрмелеткен сайыс бәсекеге толы болды.

73 жастағы ардагер спортшы Ауқан Мұқатанов зейнет жасына қарамай көп елге үлгі болды. Белгілі марафоншы бүгінгі жарыста да бар күшін салды.

Альпиниада бағдарламасы бойынша қатысушылар Шыңбұлақтан бастап, 3200 метрлік Талғар асуы мен Богданович мұзартын басып, Абай шыңына шықты.

Тәжірибелі альпинистер әуесқой қатысушыларға шығуға оңтайлы соқпақ жолдарды көрсетіп, жетелеп отырды. Мерекелік шара тамашалауға келген қонақтар темір арқанды жолмен Алатаудың биігіне көтеріліп, Абай шыңының еңсесін жақыннан көрді.

Абай шыңына алғаш рет 1932 жылы шілдеде Григорий Белоглазов бастаған алматылық альпинистер көтерілген. Шыңға сол жылы Хәкім Абайдың есімі берілді. Содан бері дәстүрлі альпиниада әр жылдары өтіп келеді.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу