Қостанай облысында 600 грамдық нан 4 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 600 грамдық нан 4 теңгеге қымбаттады

09.07.2015
Қостанай облысында 600 грамдық нан 4 теңгеге қымбаттады

Бұған дейін көпшілікке арналған бөлкенің наубайханадан шығатын құны 40 теңге, ал дүкендердегі бағасы 42 теңге болатын. Бағаны бірқалыпты ұстап тұру үшін наубайханаларға арзан ұн тұрақтандыру қорынан жеткізіледі.

Соның арқасында нанның көпшілік үшін қолжетімді құны 5 жыл бойы өзгерген жоқ. Алайда, коммуналдық қызмет түрлерінің қымбаттауынан наубайханалар шығынға батып, табыстан қағылған. Олар жергілікті билікке нанның бағасын 4 теңгеге көтеру туралы былтыр өтініш білдірген.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу