Астаналық полиция қызметкерлері 16 велосипед ұрлаған қала тұрғынын ұстады.
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Алматы аудандық полиция бөліміне велосипед ұрлығы бойынша тұрғындардан бірнеше арыз келіп түскен.
Жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы азамат ұсталды.
Ол велосипедтерді көпқабатты үйлердің ауласынан, дүкен маңынан ұрлап, кейін базарларда сатқан.
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Гүлзия СЕЙІТОВА