Аягөзде түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды. Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр.
Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі - шілде айының ортасында болады екен.
Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!
«Түнде жанатын себебі - көлде жарқырауық шаяндар бар», дейді су жағасындағылар. Ал. бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.
Нұрбек БЕКБАУ