Алматыда қоғамдық көлік көше сыпырушы әйелді қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көлік көше сыпырушы әйелді қағып кетті

11.07.2015
Алматыда қоғамдық көлік көше сыпырушы әйелді қағып кетті

№11 бағытпен жүретін қоғамдық көлік «Жібек жолы» базарына қарама-қарсы Райымбек көшесімен шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатып, көше сыпырып жүрген «Алматы-Тазалық» қызметінің жұмысшысын соғып кеткен.

Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 3-ші тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы істің мән-жайын анықтауда. Шұғыл ақпаратқа «Оқиға алаңы» бағдарламасының бейнематериалы пайдаланылды.

Хабарламаларға жазылу