Бұл кеште намаз оқысаң, 83 жылды құлшылықпен өткізгендей болады екенсің. Себебі бұл түн – мың айға татиды. Осындай керемет түннің қарсаңында, Хазірет Сұлтан мешітінің бас имамы күллі халыққа өзінің құттықтау сөзін жолдады.
Ол - бұл түннің аты неге Қадір түні деп аталған деген сұраққа жауап берумен сөз бастады. Себебі мынада екен: Ешқандай қадірі, қасиеті жоқ адам, осы түнді құлшылықпен өткізсе, ол бұдан былай қадір-қасиет иесіне айналады екен.