«Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда 113 Заң жобасы қабылданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда 113 Заң жобасы қабылданған

14.07.2015
«Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда 113 Заң жобасы қабылданған

«Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда Парламент 113 Заң қабылдаған.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының биылғы сессиясы бойынша соңғы жалпы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, қолданыстағы заңнамалар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіріп, жер қойнауын пайдалануды жеңілдету, дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеуді көздейтін бірқатар уақытылы шешімдер шығарған.

Палата жұмысын қорытындылай келе Сенат төрағасы әлі де атқарылар қыруар жұмыстың бар екендігін жеткізді.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу