Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Белағаш ауылдық округінің әкіміне шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Белағаш ауылдық округінің әкіміне шабуыл жасалды

15.07.2015
Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Белағаш ауылдық округінің әкіміне шабуыл жасалды

Лауазымды тұлға Жақсы аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Күдікті 2011-2012 жылдары әкіммен азаматтық некеде тұрған. Алдын ала болжам бойынша қылмыстың себебі жеке келіспеушіліктер болған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.   

Ал, кеше ғана Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің өлі денесі табылған болатын.

Ішкі істер бөлімі оны атып өлтірген деген ақпарат таратты. Көп ұзамай күдікті ретінде марқұмның жеке жүргізушісі қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

63 жастағы Алтайбек Сейітов 2007 жылдан бері аудан әкімі болып жұмыс атқарып келген.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу