Жамбылдық шаруалар қауын-қарбызға химиялық минералдар қоспай өсіруді қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық шаруалар қауын-қарбызға химиялық минералдар қоспай өсіруді қолға алды

15.07.2015
Жамбылдық шаруалар қауын-қарбызға химиялық минералдар қоспай өсіруді қолға алды

Шаруашылық биылдан бастап құнарлы топырақта қоспасыз қарбыз өсіруді сынап көруде. 

Құрамында артық қоспасы жоқ қарбыз ерте көктемде егілсе де әлі толық пісе қоймаған. Өйткені мұның құрамында ешқандай химиялық минералды тыңайтқыш жоқ. Таза табиғи ортада өскен қарбыз енді тұрғындар мен дүкен сөрелеріне жол тартады.

Ал, сауда нүктелері мен көше жиектерінде қауын-қарбыз саудасының көрігі қызып тұр. Тұрғындар білгенінше таңдап алып жатыр.

Талғамға талас жоқ. Десекте бау-бақша өсірушілер өсімдіктің тез өніп кетуі үшін оған нитраттар мен минералды тыңайтқыштарды қосады. 

Мамандарды таза табиғи өнімдердің орнына тыңайтқыштармен тез өсетін қауын қарбыздың көбейіп келе жатқаны алаңдатады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу