Оралда Жайық өзені арқылы өтетін көпір жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Жайық өзені арқылы өтетін көпір жабылады

16.07.2015
Оралда Жайық өзені арқылы өтетін көпір жабылады

Бүгіннен бастап Орал қаласында Жайық өзені арқылы өтетін екі көпірдің бірі жабылады. Бұл жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты қолға алынып отыр.

1961 жылы салынған көпір күрделі жөндеуді қажет етпейді. Тек көпір үстіндегі жол төсемі мен бетон плиталар арасындағы жіктерді жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстарды мердігер компания екі аптаның ішінде аяқтауға уәде етті.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу