Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің халыққа қызмет көрсету жүйесі заманауи талаптарға сай жаңарды.
Тұрғындардың бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұрмауы үшін төлемдер қабылдайтын, түрлі анықтамалар беретін «терезелері» көбейді.
Департаментке келушілер мамандардың көрсеткен қызметіне арнайы құрылғы арқылы баға бере алады.
Сондай-ақ, тұрғындар қажетті құжаттарын алып, төлемдерін жасағанша балаларын ойын бөлмесінде қалдыруына жағдай жасалған. Бұдан басқа, мекемеде дәріхана мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімше орналасқан.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ