Балаларын асыр салып ойнатқан ата-аналар да бір мезет күйбең тірлікті ұмытып, отбасылық қуанышқа кенелді. Екі баланың анасы Асел Тойлыбаева осы саябаққа күн сайын келіп дем алады.
Бүгінгі шараға ошақтың отағасы және балалары төрт көзі түгел келген. «Өзіңіздің болашақ үйіңізді қалай безендіресіз» тақырыбында сайысқа қатысқан жас отбасы ауызбіршілігін көрсетіп, өздеріне берілген шағын үйді барынша безендірді.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ