Елімізде 2014 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда биыл абақтыға қамалғандар саны 1,5 пайызға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2014 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда биыл абақтыға қамалғандар саны 1,5 пайызға азайған

22.07.2015
Елімізде 2014 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда биыл абақтыға қамалғандар саны 1,5 пайызға азайған

Қазіргі таңда бас бостандығынан айырылуға қатысты сотталғандардың үлес салмағы өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 11,5 пайызға азайған.

Ал, бас бостандығынан айырмай жазалау шаралары қолданылған азаматтардың саны биыл 44 жарым мыңға дейін кеміген.

Сөйтіп, Қазақстан түрмеде жазасын өтеушілер рейтингісі бойынша алғаш рет 41-ші сатыдан 47-ші орынға төмендеген.

Бұл Елбасының елімізді түрмедегі халық индексі бойынша көш бастаған 50 елдің қатарынан шығару туралы тапсырмасына сай келеді.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу