Ақмола облысында 1497 берекесіз отбасы есепте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 1497 берекесіз отбасы есепте тұр

25.07.2015
Ақмола облысында 1497 берекесіз отбасы есепте тұр

Ақмола облысында 1497 берекесіз отбасы есепте тұр. Тек биылдың өзінде бұл тізімге жаңадан 363 жанұя қосылған. Ол отбасыларда 780 бала бар.

Осындай жанұяларда өсіп жатқан бүлдіршіндердің түрлі қиыншылықтарға кездесіп жататындығы жасырын емес. Кейбір ата-ана құқықтарынан айрылған.

Жыл басынан бері Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлаудың 2 дерегі тіркелген.

Балалардың құқықтары дегенде оларды ұрып-соғу, зорлық-зомбылық бірден ойға келеді. Алайда, олардың өміріне қауіп төндіріп тұрған өзге де жағдайлар жетерлік.

Мәселен, ата-аналар суға шомылуға барғанда балаларын көзден таса қылып алатын сәттер кездесіп жатады. Ал, оның салдары ауыр жағдайға әкеп соғады.

Мамандардың пікірінше, балалардың қауіпсіздігін ата-анаға, құқық қорғау органдарына, не мектепке қана жүктеп қою қате.

Бұл қоғамның барлық мүшесінің күнделікті назарында болуы тиіс мәселе. Сондықтан айналаға көз сала жүрген жөн.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу