Алматыда селден жапа шеккен тұрғындар әлі де көмекке мұқтаж.
Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғындардың бірқатары дер кезінде көрсетілген көмекке разы. Арыз-шағым да жоқ емес.
Жалпы, Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында 9 баспана қирап, 456 үй мен 44 көшені су басқан.
Алдын ала болжам бойынша лай көшкінінен зардап шеккен аймақты қалпына келтіру жұмыстары бір айға созылуы мүмкін.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ