Шығыс Қазақстан облысындағы Жоғарғы Егінсу ауылының тұрғыны ІІІ топтағы мүгедек Сандуғаш Ермекейқызы талай жыл жұмыссыз болды.
Бір жыл бұрын «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы бизнес-жобасын іске асырған.
1 миллион теңге қаражат алып ауыл ішінде шағын тігін цехын ашты. Қазір ауылдастарынан түскен түрлі тапсырыстарды орындап, табыс тауып отыр.
Ержан ЖАҚЫП