Қазақстанда жекеменшік түрмелер болмайды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлімдеді.
Брифинг барысында алдағы уақытта еліміздің қай өңірлерінде түзеу мекемелері салынатыны анықталды.
Белгілі болғандай қазір Астана мен Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті әкімдіктер тарапынан түзеу мекемелерін салуға жер телімдері бөлінген.
Айдана ҮСЕНБАЙ