Биыл қала іргетасының қаланғанына 136 жыл.
Атаулы күн қарсаңында қала күніне арналған мәдени шаралар өткізілуде.
Солардың бірі «Сиқырлы әлем – балалар көзімен» атты концерттік бағдарлама. Мұнда жас жеткіншектер өнер көрсетіп, балаларға арналған қысқа да қызықты қойылымдарды сахналады.
Орталық саябақта жергілікті ақындар өлең оқып, поэзия кешінің көрігін қыздырды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК