СҚО ірі жолдарда соңғы бір жарым жылдың көлемінде жүзден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 47 адам қаза тапқан.
Көлік оқиғасының көпшілігі жүргізушілердің автокөліктерін шамадан тыс жылдамдықпен жүргізуінен болған.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырып, арнайы акция ұйымдастырды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ