Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек селден жапа шеккен Наурызбай ауданын аралап, тұрғындармен жүздесті.
Сел тасқынын бөгеген Қарғалы өзенінің бойындағы су бөгетінің беріктігін тексерді.
Наурызбай ауданындағы сел салдарынан бүлінген №187 және №192 орта мектептерді аралаған шаһар басшысы жаңа оқу жылына дейін мектепті қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ